Нарық

Зейнетақы қорындағы 20 млрд теңгенің қайда жұмсалғаны белгілі болды

  • Зейнетақы қорындағы 20 млрд теңгенің қайда жұмсалғаны белгілі болды

    Зейнетақы қорындағы 20 млрд теңгенің қайда жұмсалғаны белгілі болды

Қазақстандықтардың зейнетақы қорында қанша қаражат жинағаны және Ұлттық банктің ол ақшаны қайда жұмсағаны туралы ақпарат шықты. Қыркүйек айында Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 20 миллиард теңгені "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының облигациясын сатып алуға жұмсады. Табыстылығы - жылына 11,5%.


2019 жылдың 1 қазанына дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активі портфелінің көлемі 10 426,3 миллиард теңге болды. Ақша мен ұлттық валютадағы қаржы тетігі 6 850,6 миллиард теңге немесе 65,7%. Шетелдік валютада - 3 575,7 миллиард теңге немесе 34,3%.


Өткен жылдың қыркүйек айында зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 55,3 миллиард теңгеге жетті.


2019 жылдың қыркүйек айында Ұлттық банк БЖЗҚ есебінен қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарының негізгі қарызын өтеді. Жалпы сомасы - 16,9 миллиард теңге.


Бұдан бөлек, Қазақстанның екінші деңгейлі банк депозиттерінің негізгі қарызының 1,4 миллиард теңгесі өтелді. Салымшылардың есебіне түскен зейнетақы активтерінің табысы 2019 жылдың басынан бері 4,98% болды. 




Көрілген: 883    Пікірлер: 0

сенбі, 26.10.2019, 10:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30