Нарық

Зейнетақы шотындағы қаражатқа пәтер сатып алуға бола ма?

  • Зейнетақы шотындағы қаражатқа пәтер сатып алуға бола ма?

    Зейнетақы шотындағы қаражатқа пәтер сатып алуға бола ма?

 Зейнетақы шотындағы жинақтың бір бөлігін шешіп, пәтер сатып алуға жұмсау - мәселені түбегейлі шешпейді.


Осылай деген депутаттар кеше премьер-министрге сауал жолдап, тұрғын үй құрылысы мәселесін реттейтін резервтік қор құруды ұсынды. Өйткені көбінің жинаған зейнетақы қордағы ақшасы бір миллион теңгеден аспайды.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.


Депутаттық сауал жолдаған Айқын Қоңыров сингапурлық әдісті ұсынды. Айтуынша, онда тұрғын үй, медициналық сақтандыру, оқу және зейнетақы жинақтарының барлығы бір жүйеге енгізілген. Жинақтарды орталықтандырылған резервтік қор басқарып, халықтың әлеуметтік қажеттілігін шешуге жұмсалады, дейді.


Депутаттың сөзінше, сингапурлықтардың 80 пайызы осы қордың көмегімен тұрғызылған пәтерлерде тұрып жатыр.


«Онда мемлекет қаржылай жоспарлауды өз мойнына алады. Сонда салымшы зейнетақысыз да қалмайды, пәтер де сатып алады. Құрылыс жұмыстарын жүргізуді осылайша орталықтандырылған инвестицияның көмегімен шешуге болады», - дейді мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров.


Stan.kz




Көрілген: 1219    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 13:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30