Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әскерде суицидтің көбеюі офицерлердің біліксіздігінен деп ойлайсыз ба?

07 мамыр 2013, 12:23

Айтқали ЕСЕНҒҰЛОВ, генерал-майор:
– Суицид тек әскери салада ғана орын алып жатқан жоқ. Бұл – әлеуметтік мәселе. Қазір біздің балабақшада, мек­тепте жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беріл­мей отыр. Оның үстіне мектеп­терде дәріс беретіндердің көбі – әйел азаматтар. Осы­дан кейін біздің балала­ры­мыз да нәзік болып барады. Білім меке­мелерін­де әскери дайындық са­бақ­тары да дұрыс жүр­гізілмейді. Бұдан кейін жастар әскер­ге келгенде оларға психологиялық, фи­зи­ологиялық сал­мақ көп түсіп, оны көте­ре алмай қала­ды. Басына ауыртпалық түс­кенде көп азаматтар шыдамай, өз-өзіне қол жұм­сап жатады. Сондықтан мұ­ны тек әске­ри саланың мәселесі емес, жалпы қо­ғам­дық проблема ретінде қа­рап, ке­леңсіздікті кешенді түрде шешуі­міз қа­жет. Әскери сала­ға психолог, педа­гог мамандарды тар­тқанымыз жөн. Олар командирге де, офи­церге де ба­ғынбай дербес жұмыс істеуі тиіс. Мұны кешенді түрде шешпе­сек, мә­селе ушы­ғып кетуі әбден ық­тимал.
Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, қоғам қайраткері:
– Әскердегі сарбаздардың өз-өзіне қол жұмсауға әрекет етуінің екі-ақ себебі бар. Біріншісі – әскери медицина­лық ко­мис­сия мамандары психикасында ауыт­қу­шылық бар азаматтарға «денсаулығы жарамды» деген анықтама бере салады да, кейін әскерге барғанда оның арты қайғылы жағдайға душар болып жата­ды. Яғни әскери дәрігерлік комиссия ма­ман­дары азаматтардың денсаулығын жіті қадағаламайды. Дегенмен қазір пси­хикасы нашар адамдарды әскерге жі­бе­ру азайып келеді. Екіншіден, әскерде әлімжеттік әбден белең алған. Әскерде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін­дер, үйіне қайтайын деп жатқан сарбаз­дар әс­керге жаңа келген жас азаматтар­ды ұрып-соғып, қоқан-лоқы көрсетіп, түр­лі қысым жасайды. Жас сарбаз оны офи­цер­лерге қанша айтқанымен, бірақ олар да бұған немқұрайды қарайды. Осыдан келіп шарасыздықтан жас сарбаз өзіне қол жұмсауға мәжбүр болады. Демек, әс­кердегі әлімжеттікті тәрбиеші-офи­цер­лер дұрыс қадағала­май, жастарды отаншылдыққа, өз елінің патриоты болу­ға тәрбиелей алмай отыр. Тіпті кейде офицерлердің өзі жас сар­баздардың таяқ жегенін қалап отырады. Себебі онда әлімжеттік әбден дәстүрге айналып кеткен. Қалай десек те, әскер­дегі әлім­жет­тікті тыю үшін жастардың бойына ұлт­тық әдет-ғұрып, дәстүрді, елдікті сіңі­руіміз керек. Әскери бөлім­дерге жас сар­баздарға қарайтын, қада­ғалайтын жә­не командирге бағын­байтын дербес педагогтарды тартуымыз қажет. Әйтпесе тәрбиеші-офицерлердің сарбаздарға қарайтын уақыты жоқ. Ол­ар­дың басқа жұмысы да жетіп-арты­лады. Жастардың бойына отаншыл­дық­ты, мемлекетшіл­дік­ті дұрыс сіңірмей, әскер әскер бол­май­ды.
Талғат ТӘЖІКБАЕВ, №53975 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқық жөніндегі орынбасары:
– Соңғы бір-екі жылда әскерде суи­цид орын алған жоқ. Өйткені жастардың денсаулығына, моральдық-психология­лық ахуалына, төзімділігіне жіті назар аударылып келеді. Бұл ретте әскери ко­миссариаттарда барлық жағдай жаса­лын­ған. Жастардың денсаулығын тек­се­ретін арнайы зертхана ашылған. Онда әскерге шақырылушылардың жүйке жү­йе­сін, жүрек соғысын, наркологиялық, те­рі-венерологиялық, инфекциялық ауру­лар, туберкулез, АҚТБ-инфекциясы (ЖҚТБ) секілді денсаулық жағдайларын тексереді. Онымен қоса, әскерге шақы­рылушы әрбір азаматтың туғаннан бас­тап, отбасының жағдайы, оның мек­тепті қалай бітіргені, мінездемелері, адам­гершілік қасиеттері, денсаулығы — бар­лығы толық зерделенеді. Негізі, суи­цид деген – ауру. Ондайға баратын адамды дені сау деп айтуға болмайды. Енді мұны шешу үшін ұлттық тәрбиені от­басынан, балабақшадан, мектептен бас­тауымыз тиіс.