Денсаулық туралы эссе

Денсаулық туралы эссе

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. 


 Дені сау болған керемет!
Адам әр нәрсенің бағасын басынан өткізген кезде ғана біледі...

Мен де сондай жанның бірімін. Есімді білгеннен кейін, 11жасымда мен кенеттен қатты қысылып дәрігерге көріндім. Содан мендегі аурудың туылғаннан бері бар екендігі анықталды. Сол уақыттан бері ата-анам мені барлық жерге көрсетіп, емдетіп келеді. Бұл ауру мені тез есейтті, ауруым жаныма батқанда денсаулықтың бағасын, өмірдің қадірін түсінгендей боламын. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп санаймын.

Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дуние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. "Денсаулық - зор байлық" – деген сөз бекер айтылмаса керек. Дені сау адам қоғамның белсенді бір мүшесі. Менің алдыма қойған мақсатым көп... Оған жету үшін үнемі күресу керек. Күресу үшін денсаулық керек. Бұл ауруды да жеңіп шығамын, себебі, ата-анам, бауырларым, туыстарым, достарым және ұстаздарым менің тілеуімді тілеп, қамықпауыма көп көмектеседі.

Мен өз отбасымның бақыттылығына өз үлесімді қосуға тырысамын. Бірінші ата-анамды қуантып, жұмыстан келгендерінде оларға арнап бір жаңалық жасағым келеді. Шайға арнап түрліше піспелер дайындауды және салаттар жасауды әдетке айналдырдым. Өзімнен үлкен апамның киімдерін үтіктеуге, өзімнен кейінгі іні-сіңлілерімнің сабағын дайындауға көмектесемін. Сонымен, менде бос уақыт мүлде болмайды. Өзінің бос уақытын тиімді пайдаланған адамға өзге қылтың-сылтыңды ойлауға да мұршасы болмайды. Ол үшін таңертең шағын бір күндік жоспарымды жасап аламын, сол жоспар бойынша ойлағанымды іске асырамын.

Мен өз сыныптас құрбыларыма да ризамын, олармен уақыт өткізу өте көңілді. Сырласасын, білмеген ойларыңды бөлісесін, кейбір істерге кеңес бере отырып, өзің үйренесің. Ондай күндері біреуге "көмегім тиді-ау" деп, кешке дейін қуанып жүресің. Мұсылман ұл-қыздарының бойындағы әдептілік пен әдемілік өзге ұлттардан ерекшелеп тұратын қасиет. Мен бұл қасиеттіліктің үнемі сақталуын қадағалап отыратын ұстаздарға да рахмет айтар едім. Сабаққа келгеннен, үйге кеткенге дейін өздерінің жіті бақылауында қадағалап отыратын ұстаздарымыз біздің болашағымыз үшін көп алаңдайды.

Кейде кейбір замандастарыма ренжитін кездерім де болады. Олар сырт келбеттерін әрлеп, шаштарын жайып өзіне жарасымсыз қылықтармен әуестенеді. Ол қылықтары өздеріне ерсі екенін біле-тұра, еркеліктен істейтіндері көп. Ата-аналарының сөзін сөйлейтіндігін білетін олар болмашы нәрсеге ата-аналарын ара-шашы етіп жүрген жерлерің шулатып жүреді. Ондайлар көбіне баршылық отбасынан болады. Шегу, ішу т.б. жат әрекеттерге де баратын солар деп ойлаймын. Бұндай жастарымыз өзіне ғана зиян келтірмей отбасына, жүрген ортасына да қауіпті. Себебі, олар өз орталарына өзгелерді тартуға бейім болады. Мен бұндайларға жиіркене қарап, өзіме сабақ аламын. Және өзімнің құрбыларыма да сабақ болсын деп ескертіп жүремін.

Біздің Қазақстан кең байтақ. Шығысы мен батысы, солтүстігі мен оңтүстігі ат шаптырым, көз жетпес қияда. Егер сен саяхатқа шығып, демалысыңды қызықты өткізгің келсе Қазақстанды арала. Кейде мен теледидардағы басқа елдерді аралап, тұрмыс-салт, әдет-ғұрпымен таныстырып жүрген жиһанкездерді көргенде, мен де өз елімді өзге елдерге осылай етіп көрсетсем деген ой қиялымды жетелеп кетеді. Өз елімнің табиғатың, емдік қасиеті бар түрлі шипалы жерлерін мақтанышпен көрсетер едім. Түрлі өсімдіктерінен емдік дәрілер жасар едім.

Өз елін сүйген адам - оның көркеюіне үлесін қосары сөзсіз. Ата-анасын сүйген адам - болашағы үшін күресе білетін адам. Достарың сүйген адам – адамдық қасиеттілігі мол адам. Менің бойымда осының бәрі бар. Мен өз келешегім үшін, денсаулығым үшін күресе білемін, өз басымды ғана емес өзгелерді де түрлі жаман қасиеттерден алшақ жүруден сақтандырамын.

Есірткі есірудің белгісі,
Біле-тұра әуестенер көп кісі.
Ондай кезде теріс болар оң ісі,
Құмарлықпен, жамандыққа бармайық,
Жат қылықтан, бойымызды сақтайық.
Ата-ананың сенімін ақтайық.

Денсаулық ұранын ұстанайық,
Қуаттылық ұстанымы бізге лайық.
Есірткісіз көшін бастап тұрайық,
Бейбіт күннің әнін шырқап жүрейік!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста