Достық асыл қасиет (Эссе)

Достық асыл қасиет (Эссе)

Достық – әрбір адам өміріндегі маңызды қарым-қатынас. “Жаңа екі достан, ескі бір дос артық” деген жақсы сөз бар. Достық барлық адамға қажет. Тіпті, жалғыздықты ұнататын жандарға да. Кішкене бүлдіршіннен бастап, еңкейген қарияға да, бай-бағландар мен тақыр кедейлерге де дос керек. Бұл тізімді ұзақ-сонар жалғастыра беруге болады.

Достық ортақ қызығушылық, түсінісу, сенім сынды қасиеттер негізінде құралады. Әңгімесі таусылған адамдар дұрыс қарым-қатынас құра алмайтындары анық. Уақыт өте келе адамдар жан-дүниесіндегінің барлығын шығарып, сырлас іздейді. Мұндай сәттерде достардың болмағаны өте жаман. Оның үстіне тек жақын достарыңа ғана айта алатын сырларың болады. Ең бастысы, осы сырды досың өзгелерге айтпайды. Жадында құнды қазынадай сақтап қояды. 

Нағыз дос өзін бірінші орынға қойып, айналасындағыларды өзінің әңгімесін тыңдауға мәжбүрлейді деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Ол өзінің жан сырын ақтарып қана қоймай, сізді де ден қойып тыңдайды. Уақытты көңілді өткізіп, қатар отырып түрлі фильмдер қарай аласыздар. Досты тек қайғыда емес, қуанышта да танисыз.  Өкінішке орай, көп адам достық атты ұлы сезімді бағалай бермейді. Бірақ… Олар күндердің бір күнінде жанына жақын адам іздеп шарқ ұрады. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста