Футбол

ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы Францияға есе жіберді

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 28 наурызда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында елордада өткен Қазақстан және Франция кездесуі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

FIFA жариялаған соңғы рейтингте Франция екінші орында тұр. Ал Қазақстан онда 122-орында келеді.

 

Бүгінгі ойында соңғы әлем чемпионы - Франция емін-еркін қимыл көрсетті. Алғашқы минуттан шабуыл шебіне көбірек көңіл бөлді. Алаң иелері қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Осылайша тізгінді қолға алуға тырысты.

 

Қазақстандықтар негізінен қорғанысқа көңіл бөліп, қарсыластар шабуылына төтеп берді. Дегенмен 19-минутта француздық шабуылшы Усман Дембеле қазақстандық құрама қақпасынан саңылау тапты.

 

Ал 44-минутта қазақстандық қорғаушы Сергей Малый өз қақпасына гол соғып алды.

 

Екінші кезеңде француздар шабуылға көбірек көңіл бөлді. Десе де діттеген мақсатына жете алған жоқ, Тіпті, атақты футболшы Килиан Мбаппе алаң иелері қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кетті. Оның тепкен соққысын қазақстандық қақпашы Александр Мокин сыртқа шығарып үлгерді. Кездесуде Франция құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша төрт ұпаймен турнир кестесінде көш басына шықты.

 

Сондай-ақ, бүгін аталған топта Украина өз алаңында Финляндияны қабылдайды.

 

Енді Қазақстан құрамасы 31 наурызда сырт алаңда Украинамен шеберлік байқасады.

 

Сол күні сырт алаңда Франция Босния және Герцоговинамен жасыл алаңға шығады.

 

Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.

 

Бірінші турда Франция мен Украина 1:1, Финляндия Босния мен Герцоговинамен 2:2 есебімен тең ойнады.

 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 21:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31