Футбол

"Атлетико" командасы бразилиялық шабуылшыны қатарына қосты

  • Сурет

    Сурет "Атлетико" сайтынан алынды.

"Герта" футбол клубының 22 жастағы шабуылшысы Матеус Кунья мансабын "Атлетико Мадридте" жалғастырады. Трансфер құны 30 миллион еуроға бағаланды. Келісімшарт 2026 жылдың жазына дейін есептелген.

 

Өткен маусымда ойыншы Бундеслигада 27 матч өткізіп, 7 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Бұған дейін Кунья швейцариялық "Сьон" мен "РБ Лейпциг" клубында ойнаған.

 

Футболшы мансабын "Эвертонда" жалғастыруы мүмкін еді. Шабуылшыға ресейлік "Зенит" клубы да қызығушылық танытты.

 

Матеус Кунья Бразилия құрамасымен бірге Токио Олимпиадасының жеңімпазы атанды. Ол орталық шабуылшы позициясында ойнайды.

 

 

 kaz.vesti.kz




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 19:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31