Футбол

«Барселона» бас бапкерін ауыстырды

  • © Чемпионат

    © Чемпионат

«Барселона» футбол клбуы бас бапкер Эрнесто Вальвердемен келісімшарттың мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталониялық клубтың баспасөз қызметі тараптар келісе отырып, келісімшарттың күшін жоюға шешім қабылдағанын жазды.

Вальверде «Барселона» тізгінін 2017 жылы мамырда ұстаған. Әрі 2019 жылы келісімшарт мерзімін тағы бір жыл ұзартқан еді.

Бірақ команданың соңғы уақыттағы ойын мәнері клуб басшыларының сабырын сарқыған көрінеді. Әсіресе Испания Суперкубогында «Атлетикодан» жеңіліп қалуы (2:3), Вальверденің қызметінен қуылуына тікелей әсер етті.

Айта кетейік, Вальверде «Барселонамен» 108 кездесуде жеңіске жетіп, 35 рет тең түскен және 20 рет жеңілген.

Ол жетекшілік еткен тұста «Барселона» Испания чемпионатын (2017/18, 18/19), Испания кубогын (2017/18) және Суперкубокты (2018) жеңіп алды.

Каталониялық клуб сонымен қатар жаңа бапкердің де есімін атады. «Барселона» бас бапкері қызметіне енді тағы бір испаниялық маман Кике Сетьен кіріседі. Бұл бапкермен келісімшарт 2022 жылдың жазына дейін жасалды.

61 жастағы маман бұған дейін «Бетис» командасын жаттықтырған болатын.

24.kz

 




Көрілген: 151    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 11:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31