Футбол

"Барселона" Испания суперкубогының финалына шыға алмады

  • Фото: Instagram/atleticodemadrid

    Фото: Instagram/atleticodemadrid

Испания суперкубогының жартылай финалында мадридтік "Атлетико" каталониялық "Барселонаны" жарыс жолынан шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Тартысты матч Сауд Арабиясында өтті.

Есепті екінші таймның алғашқы минуттарында "Атлетико" жартылай қорғаушысы Коке ашса, араға бес минут салып "Барселона" мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси таразы басын теңестірді.

Гризманн ойынның 61-минутында бұрынғы клубына гол соғып, есепті 2:1-ге жеткізді.

Осыдан кейін "Атлетико" шабуылды үдетті. Нәтижесінде матчтың 81-минутында испаниялық шабуылшы Морато 11 метрлік айып добын сәтті орындап, үміт отын қайта жақты.

Ойын ақталуға санаулы минуттар қалғанда "Атлетико" шабуылшысы Корреа "Барселона" қақпашысынан айласын асырып, командасын финалға алып шықты.

Ойын 3:2 есебімен мадридтік клубтың пайдасына шешілді.

Осыған дейін финалға берілген алғашқы жолдаманы мадридтік "Реал" жеңіп алды. Корольдік ұжым "Валенсияны" 3:1 есебімен тізе бүктірді.

 

 




Көрілген: 333    Пікірлер: 0

жұма, 10.01.2020, 12:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30