Футбол

"Барселона" сапына қосқан жаңа қақпашыны 200 миллионға бағалады

  • © Reuters

    © Reuters

 "Валенсияның" бразилиялық қақпашысы Нето "Барселона" ойыншысы атанды, - деп хабарлайды каталондық клубтың ресми сайты.


Трансфер құны 26 миллион еуро, қосымша 9 миллион бонус бар.


29 жастағы Нетоның "Барселонамен" келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген. Ал келісімшарт аяқталмай бразилиялықты сапына алғысы келетіндер 200 миллион еуро беру керек болды.


Нето "Валенсияға" 2017 жылы жазда туриндік "Ювентустен" ауысқан. Трансфер құны 7 миллион болатын. Валенсиялық клуб сапында қақпашы барлық турнирлерде 80 матче 82 гол өткізіп алған. 24 кездесуінде қақпаға бірде-бір доп кіргізбеді.


Мұның алдында ол "Фиорентина" мен "Атлетико Паранаэнсе" сапында ойнады. Ал Бразилия құрамасы үшін бір ойынға қатысқан. Голкипер Италияның екі дүркін чемпионы және ел Кубогын да екі рет иеленген, сонымен қоса, Испания Кубогын да бір рет ұтқан.


Мұның алдында "Барселонадан" италиялық "Валенсияға" 35 миллион еуро трансферімен қақпашы Яспер Силлессен өткен болатын. 30 жастағы голландиялық туриндіктермен 2023 жылға дейін келісімшартқа қол қойды, ал кеткісі келген жағдайда ол үшін 80 миллион еуро төленуі тиіс.


kaz.vesti.kz




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

сенбі, 29.06.2019, 10:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31