Футбол

Дзюба интимді видеосынан кейін алғаш рет жанкүйерлеріне үндеу жолдады

  • https://dni.ru/

    https://dni.ru/

Әлеуметтік желіде "Зенит" футбол клубы мен Ресей ұлттық құрамасының футболшысы Артем Дзюбаның интимдік видеосы пайда болды. Кадрдан спортшының "өзін-өзі қанағаттандырумен" айналысқанын байқауға болады.

 

Life.ru басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, бастапқыда даулы видеоны ВКонтакте желісінде "Футбол туралы септаккорд-диалогтар" тобы жария еткен. Одан кейін ролик Twitter-де, сосын Telegram-да кеңінен таралды.

 

Осы жағдайға қатысты футболшының өзі түсініктеме беріп, бірнеше күн бұрын ұялы телефонын жоғалтқанын мойындады. Гаджетті қолына түсіргендер спортшының мұрағатына қол сұғуы мүмкін екені де айтылды.

 

Айта кетейік, аталған видеодан кейін "Зенит" клубының басшылығы Артем Дзюбаны капитандық атағынан айырды.

 

Ал кеше өткен матчта жанкүйерлер де футболшыға деген наразылығын білдірген.

 

Ал осы жағдайдан соң экс-капитан Instagram желісіндегі парақшасын жауып тастады. Сонымен қатар, Дзюба оқырмандарының алдында видео үндеу де жасады.

 

"Мен аздап кінәлімін. Тек өзімді ғана кінәлай аламын. Осындай шақта барлығы менен теріс айналып жатқанда, қолдау көрсеткендерді қатты бағалаймын", - деді ол.

 

Sputnik радиосы Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің даулы оқиғаға байланысты мәлімдемесін жариялады.

 

Черчесовтың айтуынша, ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы Артем Дзюбаны қараша айындағы Түркия, Сербия және Молдовамен болатын ойындарға шақырмау туралы шешім қабылдаған.

 

Ал Ресей шоу-бизнесінің көптеген жұлдыздары спортшыға қолдау көрсетуде.

 

Әнші Светлана Лобода, тележүргізуші Анфиса Чехова, өнер иелері Айза Долматова, Виктория Боня және атақты жүргізуші Андрей Малахов та ұлттық құраманың экс-капитанын қорғап, желіде жазба қалдырған.

 

 

 




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 16:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша 2020
    ӨЛМЕЙДІ МАРАДОНА!!!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31