Футбол

Елеусінов Мексикадағы жекпе-жегі болмайтынын рингке шығар алдында бір-ақ білді

  • https://www.instagram.com/daurenyeleussinov/?utm_source=ig_embed

    https://www.instagram.com/daurenyeleussinov/?utm_source=ig_embed

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) титулы үшін өтетін жекпе-жегі кейінге қалдырылғаны бокс кеші басталып кеткенде бір-ақ белгілі болды.

 

Дәурен Елеусіновтің (8-0-1, 7 КО) боксшы Хуан Карлос Райгосамен (16-15-3, 6 КО) жекпе-жегі Мексикада 16 тамызға қараған түні өтуі тиіс еді, деп хабарлайды Sports.kz. Бір қызығы, қазақстандық боксшы жекпе-жектің болмайтынын бокс кеші басталып кеткенде бір-ақ білген.

 

Турнир өтіп жатқан Гвадалахара қаласы COVID-19 жұқтыру бойынша "қызыл" аймақта орналасқандықтан билік алаңдаушылық танытып, осындай шешім қабылдаған.

 

Мексика билігі осы турнир аясындағы басқа жекпе-жектер жоспарланған уақытта өтетінін хабарлады.

 

Елеусінов пен Райгосаның титулды жекпе-жегі бір аптадан кейін Мехико қаласында өтетін болды.

 

"Құрметті қазақстандықтар,жергілікті көрермендердің шектен тыс жиналуына орай Гвадалахара әкімшілігі коронавирусқа байланысты жекпе-жекті келесі аптаға ауыстырды", - деп жазды Елеусінов желідегі парақшасында.

 

Айта кетсек, 34 жастағы Елеусіновтің алдағы кездесуі Мексикадағы екінші жекпе-жегі. Алғашқысы 2019 жылдың ақпанында өткен еді. Боксшы 2014 жылдың желтоқсанында кәсіпқой боксқа келді, тоғыз жекпе-жектің сегізін АҚШ-та өткізді.

 

sputniknews.kz

 




Көрілген: 248    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.08.2020, 16:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31