Футбол

Еуро-2020: Испания овертаймда Хорватиядан басым түсті

  • https://sportarena.com/

    https://sportarena.com/

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған бесінші құрама анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Дүбірлі доданың 1/8 финалындағы бесінші кездесуде Хорватия мен Испания жасыл алаңға шықты.

 

Бүгінгі ойында қос құрама да жеңіске жетуге бар күш салды. Десе де алғашқы сәттерде испандар жинақы қимыл көрсетті. Ойынның 20-минутта испаниялық Педри автогол авторы атанды.

 

 

Одан кейін Испания құрамасынан Пабло Сарабия 38, Сесар Аспиликуэта 57, Ферран Торрес 76-минуттарда есепті үстемелей түсті.

 

Ал Хорватия құрамасынан Ислав Оршич 85, Марио Пашалич 92-минутта гол соғып, таразы басын теңестірді.

 

Осылайша негізгі кезеңде 3:3 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты.

 

Овертаймда испаниялық Альваро Мората 100, Микель Оярсабаль 103-минуттарда қос гол соғып кетті.

 

Аталған кездесуде Испания қарсыласынан 5:3 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Енді олар 2 шілдеде Франция мен Швейцария жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

 

Еске салсақ, бұдан бұрын Дания Уэльсті 4:0 есебімен жеңіп, Италия Аустрияны овертаймда 2:1 есебімен тізе бүктірді.

 

Үшінші кездесуде Чехия Нидерландыдан 2:0, одан кейін Бельгия Португалиядан 1:0 есебімен басым түсті .

 

Айта кетсек, жарыстың 1/8 финалында енді 28 маусымда Франция мен Швейцария шеберлік байқасады.

 

Ал 29 маусымда Англия мен Германия, Швеция мен Украина жасыл алаңға шығады.

 

 




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.06.2021, 01:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30