Футбол

Еуропа лигасы. "Астана" андорралық "Санта-Коломаны" ұта алмады

  • © Астана ФК

    © Астана ФК

Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі басталды. Чемпиондар лигасынан шығып қалған "Астана" бұл турнирдегі алғашқы ойында Андорраның "Санта-Колома" клубымен тең түсті.


Андорра-ла-Вельяда өткен ойында гол соғылған жоқ. Командалар 0:0 есебімен тең тарқасты.


Екі команда биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар лигасынан бастаған. Елордалық клуб Румынияның ЧФР командасына жол берсе, "Санта-Колома" Косованың "Ферроникели" клубынан аса алмаған.


Андорралық командаға қарсы ойында "Астана" айқын фаворит болған. Бірақ бірінші таймда алаң иелері қақпасына көп қауіп төндіре қойған жоқ. Екінші таймда Фирмин Мубеле мен Рунар Мар Сигурьонсонның алаңға шығуы да командаға жеңіс сыйламады.


"Астана" мен "Санта-Колома" арасындағы қарымта ойын 1 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтеді. "Астана Аренада" болатын ойын сағат 20:00-де басталады. Екі кездесу нәтижесі бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасында "Валлетта" (Мальта) мен "Ференцварош" (Венгрия) клубтары арасындағы жеңілгенімен ойнайды.


25 шілде күні Еуропа лигасында тағы қазақстандық екі команда жарыс жолына шығады. "Ордабасы" Чехияның "Млада Болеслав" клубымен, "Қайрат" Израильдің "Хапоэль Беэр-Шева" командасымен кездеседі. Қарымта ойындар 1 тамыз күні өтеді.


Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне 94 клуб қатысуда.


 kaz.vesti.kz




Көрілген: 183    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.07.2019, 10:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30