Футбол

Еуропа лигасы: "Ордабасы" тең түсіп, "Қайрат" жеңілді

  • ©

    © "Қайрат" ФК

Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде алматылық "Қайрат" Израильде, шымкенттік "Ордабасы" Чехияда матч өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


"Ордабасы"сырт алаңда "Млада-Болеслав" командасымен кездескен. Матч 1:1 есебімен аяқталды.


Ойынның 21-минутында Мирзад Механович шымкенттік клубты алға шығарды. Алайда бірінші таймның соңында алаң иелері Николай Комличенко соққан голдың арқасында есепті теңестірді.


Қарымта матч 1 тамызда Шымкентте өтеді. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен



Ал алматылық "Қайрат" Беэр-Шева қаласында "Хапоэльмен" кездескен. Израильдік команда 2:0 есебімен жеңіске жетті.


Ойынның 10-минутында Рамзи Сафури пенальтиден есеп ашқан. "Қайратта" есепті теңестіретін мүмкіндіктер болғанымен, алматылық футболшылар оларды пайдалана алмады. Нәтижесінде екінші таймда Эден Шамир өз командасының екінші голын соқты. Матч соңына қарай Елдос Ахметов есеп айырмасын қысқартқан, бірақ төреші голды есептемей тастады.


Енді бұл командалардың қарымта матчы 1 тамызда Алматыда өтеді.


 




Көрілген: 225    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 16:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30