Футбол

Евро-2020: Бүгін түнде Италия мен Австрия күш сынасады

  • https://www.sport-express.ru/

    https://www.sport-express.ru/

Түн ауа ағылшынның атақты «Уэмбли» стадионында Италия мен Австрия күш сынасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Бас бапкер Роберто Манчини сенім артқан жігіттер өз шоқтығының биік екенін паш етті.

 

Алдымен Түркия қақпасына үш гол соққан Италия құрамасы Швейцарияны да оңай ұтты.

 

Рас, соңғы турда Уэльске сәл шекеден қарады. Манчини негізгі құрамда ойнайтын жігіттеріне демалыс жариялап, алаңға Андреа Белотти секілді сұрмергенді жіберді.

 

Марко Вератти де қазір ойынды көбіне сырттан тамашалайтын болды. Осының өзінен-ақ Италияның қаншалықты азулы екенін бағамдай беріңіз.

 

Чиро Иммобиле, Лоренцо Инсинье секілді серкелерге сенім артатын Манчини қажет кезде өзге де жігіттеріне жұмыс тауып бере алады.

 

Топтық кезеңнің үздігіне баланған Италияның осал тұсын Австрия таба ала ма?

 

Бельгиямен біршама жақсы ойнаған, Украинаны жеңген команданың шамасы неге келетіні бүгін байқалады. Олардың өз үздігі бар. Мысалы, Марко Арнаутович. Немесе Давид Алабаны алыңыз.

 

Құрлық чемпионатының плей-офф кезеңіне кез келген команда шыға салмайдытыны белгілі. Австрияның да бір білгені бар шығар.

 

Дегенмен, мамандар Италияны мықты деп таниды.

 

 

 




Көрілген: 443    Пікірлер: 0

сенбі, 26.06.2021, 11:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30