Футбол

Футболдан 2022 жылғы ӘЧ Еуропадағы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

  • © sport.24tv

    © sport.24tv

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты Еуропадағы іріктеу кезеңінің жеребесі бүгін Швейцарияның Цюрих қаласында тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстан D тобына түсті. Қарсыластары - Франция, Украина, Финляндия және Босния және Герцоговина құрамалары.

 

Өзге топтар төмендегідей бөлінді.

 

A тобы: Португалия, Сербия, Ирландия, Люксембург, Әзербайжан;

 

B тобы: Испания, Швеция, Греция, Грузия, Косово;

 

C тобы: Италия, Швейцария, Солтүстік Ирландия, Болгария, Литва;

 

E тобы: Бельгия, Уэльс, Чехия, Беларусь, Эстония;

 

F тобы: Дания, Австрия, Шотландия, Израиль, Фарер аралдары, Молдова;

 

G тобы: Нидерланды, Түркия, Норвегия, Черногория, Латвия, Гибралтар;

 

H тобы: Хорватия, Словакия, Ресей, Словения, Кипр, Мальта;

 

I тобы: Англия, Польша, Венгрия, Албания, Андорра, Сан-Марино;

 

J тобы: Германия, Румыния, Исландия, Солтүстік Македония, Армения, Лихтенштейн.

 

Айта кетейік, жеребе нәтижесінде еуропалық құрамалар он топқа бөлінді.

 

2021 жылғы Ұлттар лигасының финалдық сатысында бақ сынаған құрамалар ойын көрсететін топтарда бес, қалғанында алты құрамадан бақ сынайды.

 

Он жеңімпаз әлем чемпионатына финалдық кезеңіне тікелей жолдама алса, екінші орын алғандар және Ұлттар лигасында үздік шыққан екі құрама плей-офф сатысында ойнайды.

 

Плей-офф сатысында үш топтан жеңімпаз болғаны дүбірлі додаға жолдама алады.

 

Еуропа құрлығындағы іріктеу кезеңі 2021 жылдың наурызы мен 2022 жылдың наурызы аралығында болады.

 

Жарыстың финалдық сатысы 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсан аралығында өткізіледі.

 

Әлем чемпионаты іріктеу кезеңі Оңтүстік Америка, Африка, Азия құрлықтарында өтіп жатыр.

 

Алдағы жылы ол Солтүстік Америка құрлығында басталады.

 

 

 

 




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.12.2020, 01:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30