"Барселонаның" бас бапкері Хави клуб басшылығынан аргентиналық Лионель Мессимен жаңа келісімшарт жасауды сұрады. Бұл туралы vesti.kz тілшісі Sport.es сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
Хави "Барселонаға" Месси оралса, клубқа экономикалық және спорттық тұрғыда да үлкен үлес әкеледі деген сенімде.
Осылайша, маман каталондықтардың президенті Жоан Лапортадан ПСЖ-мен келісімшарты аяқталғанда Мессиді қайтарып алуын сұраған екен.