Футбол

"Жарты миллион доллар ұсынды": Смақов ел футболындағы жемқорлық жайлы айтты

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов ел футболындағы жемқорлық туралы сөз етті. Ол үлкен спортта жүрген кезде қажетті нәтижені көрсету үшін бір матчта қанша ақша ұсынғанын ашып жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Бұл тақырыпты Семей футбол мектебінің түлегі Youtube желісіндегі ER-BATYR жобасында қозғады.

 

Оның айтуынша, кәсіби мансабында бірде-бір рет келісілген матчқа қатыспаған. Алайда көптеген ұсыныстар түсіпті.


"Келісілген матчтарға ешқашан қатысқан емеспін. Мені танитындар барлығын жақсы біледі. Алайда бұл туралы айтқан жанкүйерлер де болды. Олар жеңіліске ұшыраған кездесуді - сатты, ұтқан ойынды - сатып алды деп айтты. Жеке өзіме шығып, жарты миллион ұсынғандар кездесті. Бізден ойынды бере салуды емес, тек қажетті нәтижені көрсетуді сұрады. Мен мұндайға жол бермейтінімді жеткіздім. Футболда ұтылса - сатты, жеңсе - сатып алды деген түсінік қалыптасқан. Бұл бізде ғана емес барлық жерде бар", - деді Смақов.

 

Экс-футболшы оған мұндай қомақты ақшаны қандай матч кезінде ұсынғанын нақтыламады.

 

ВИДЕО?  www.youtube.com/watch




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 14:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30