Футбол

"Жартысын президентке төлейсің". Шетелдік футболшы "Ақтөбедегі" бопсалау туралы ашық айтты

  • Фуад Байрамов. © Azerifootball.com

    Фуад Байрамов. © Azerifootball.com

Әзірбйжандық жартылай қорғаушы Фуад Байрамов "Ақтөбе" клубы еңбекақының жартысын бопсалайды деп айыптады. Аzerisport.com басылымына берген сұхбатында ол грузиялық "Рустави" командасына қайтатынын мәлімдеді.

- "Ақтөбеге" қалай бардыңыз?

- Менеджерлердің бірі қоңырау шалып, Векиль деген жігіт бар деді. Оны танитынын, ал президент клубы оның бала кезден досы екенін айтты. Бірақ кейін одан үн болмады.

Кейін Леван Силагадзе қоңырау шалып, "Ақтөбеге" өтуге мүмкіндік барын айтты. Клуб мен туралы Instagram желісінде жазыпты. Осы кезде маған Векиль жазды: келгеніңді неге айтпағансың? Мені бұл командаға грузиндер алып келгенін айттым. Ол жолымды, жатып-тұрарымды қамтамассыз етті. Сосын Векиль айлығымның жартысын команда президентіне беру керегімді айтты. Сонымен қоса, агентке де төлеу қажет дейді. Оның менің ауысып келуіме еш қатысы жоғын түсіндірдім.

- Ары қарай не болды?

- Екі күн бұрын жаттығуға шықтым. Физикалық дайындық жөнінде бапкер келіп, басшылық мені жаттығуға қатыстырмайтынын айтты. Неге дегенімде, жауап болмады. Векильге қоңырау шалдым, не істегенін сұрадым. Ол маған: саған айттым ғой, менімен жұмыс істеу керек деп. Егер жұмыс істемесең, ойнамайсың. Ал егер айлығыңның жартысын беріп отырсаң, негізгі құрамға да ілігесің деді.

Мұнда осылай екенін білдім, бірақ, соншалықты... Клуб президенті футболшыдан ақша алса, не айтуға болады?

- Сіз, әлбетте келіспедіңіз?

- Әрине. Мені даладан тауып алған жоқ қой. Футболды жақсы көремін. Дегенмен мен жарақат аламын, ал ақшаны президент пе? Векильге оның көмегінсіз келгенімді айттым. Оның үстіне Селигадзе айтқан еңбекақы мен Векиль айтқанның арасында айырмашылық үлкен. Сондай-ақ, Селигадзе біреуге ақша беріп тұруым керек деп айтқан жоқ. Бұл қып-қызыл сауда ғой. Сондықта Грузияға ораламын деп шештім.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 319    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 17:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30