Футбол

Қазақстанда жаңа футбол командасы құрылды

  • Қазақстанда жаңа футбол командасы құрылды

    Қазақстанда жаңа футбол командасы құрылды

Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші лигасына жаңа команда қосылды. Түркістан облысында құрылған команда "Темірлан" деп аталады. Жаңа команда 2020 жылдың қаңтар айында құрылған.

Шымкент қаласынан 40 шақырым қашықта орналасқан Ордабасы ауданы Темірлан елдімекені атынан жарыстарда бақ сынайды. Өз алаңындағы ойындарын да осы елдімекендегі Қажымұқан атындағы стадионда өткізеді.

Алаңға 1000-ға жуық көрермен сыяды. Клуб алғашқы оқу-жаттығу жиынын Шымкентте өткізді. 6 ойын ойнап, футболшыларды іріктеген. Келесі дайындықтарын 21 ақпан мен 9 наурыз аралығында пысықтайды.

Жаңадан құрылған "Темірлан" командасын 64 жастағы қазақстандық маман Шайзидин Кенжебаев жаттықтырады. Фанас Салимов пен Рахматулла Жакудаев көмекшілері қызметіне тағайындалған.

Жалпы команда Түркістан облысындағы жас ойыншылардан құралған.

massaget.kz




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.02.2020, 12:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31