Футбол

Қазақстанның футболдан ұлттық ерлер және әйелдер құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

  • Қазақстанның футболдан ұлттық ерлер және әйелдер құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

    Қазақстанның футболдан ұлттық ерлер және әйелдер құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Белгілі қазақстандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оған дейін бұл лауазымда чех Михал Билек болған. Онымен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. 

 
Байсуфинов бұған дейін ұлттық құраманы басқарған және 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан.

Сондай-ақ ол әр жылдары "Есіл-Богатырь" (Петропавл), "Ақсу" (Ақсу), "Ертіс" (Павлодар) және "Ақжайық" (Орал) футбол клубтарында жұмыс істеді.

Келесі жылдың көктемінде Байсуфиновтың басшылығымен Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатын іріктеу кезеңінен бастайды. Топтық кезеңде оның қарсыластары Франция, Украина, Финляндия, сондай-ақ Босния және Герцеговина болады.

Сондай-ақ, Қазақстан әйелдер құрамасына жаңа бапкер тағайындалды. Ол 2012 жылдан 2016 жылға дейін командамен жұмыс істеген болгар маманы Калоян Петков болды. Ол шымкенттік "БИІК-Қазығұрт" әйелдер футбол клубының көпжылдық тәлімгері ретіндегі табысты жұмысымен танымал.

Еске салайық, Қазақстан U-21 жастар құрамасының аға жаттықтырушысы лауазымына ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Қайрат Нұрдәулетов тағайындалды.




Көрілген: 333    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.12.2020, 15:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30