Футбол

Криштиану Роналдудың Instagram-дағы бір жарнамасы қанша тұрады

  • Фото: REUTERS/Jon Nazca

    Фото: REUTERS/Jon Nazca

Португалия құрамасы мен "Ювентус" клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың Instagram парақшасындағы бір жазбасының құны белгілі болды деп хабарлайды "Би-би-си".

 

Басылымның жазуынша, ала доп шеберінің бір жарнамалық жазбасының құны 1,6 млн долларды (682 млн 694 мың теңге) құрайды.

 

Басылым бұл әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы ең үлкен көрсеткіш екенін атап өтті. Тізімде Аргентина құрамасыны шабуылшысы Лионель Месси де бар. Ол жетінші орынға жайғасқан. Оның бір жазбасы 1,1 млн долларға (469 млн 362 мың) бағаланған.

 

Роналду Instagram желісінде 308 млн оқырман жинаған ең алғашқы адам болып отыр.

 

Футболшыдан кейін тізімде актер Дуэйн Джонсон (246 млн оқырман), әнші Ариана Гранде (244 млн оқырман) және модель Кайли Дженнер (241 млн оқырман) бар.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін футболшы Криштану Роналдудың париждік ПСЖ-да өнер көрсетуі мүмкін екенін жазған едік.

 

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Туриннен кетуі мүмкін, себебі команданың жаңа бапкері Массимилиано Аллегри оны жасы келді деп санайтын көрінеді.

 

Роналдуға басты үміткерлердің бірі - ПСЖ.

 

Париждік клубтың қызметкерлері Криштианудың өкілдерімен келіссөздерді бастап кеткен. Туриндік ұжым футбол жұлдызын сату арқылы 25-30 миллион еуро пайда көруді жоспарлап отыр.

 

ПСЖ басшылығы 36 жастағы Роналду жас талант Килиан Мбаппені алмастыра алады деген ойда.

 

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 2066    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 18:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30