Футбол

Криштиану Роналдудың көршісі спортшының жеке өмірі жайлы айтып берді

  • Криштиану Роналдудың көршісі спортшының жеке өмірі жайлы айтып берді

    Криштиану Роналдудың көршісі спортшының жеке өмірі жайлы айтып берді

"Ювентус" командасы мен Португалияның шабуылдаушысы Криштиану Роналдумен бір ауданда тұратын көршісі әйгілі футболшының күнделікті өмірін сипаттап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports24.ru-ға сілтеме жасап.

"Ювентус" командасының аңыз ойыншысы Фелич Борельдің қызы Элизабет Борель атақты шабуылдаушы Криштиану Роналдумен бір ауданда тұрады. Ол Роналдуды керемет көрші деп есептейді.

Элизабеттің айтуынша, ол Rolls-Royce мініп жүрген португалиялықты жиі көреді. Сондай-ақ футболшының ұлы кіші Криштиану Роналду элиталы ауданның көшелерінде скейтбордпен көп жүреді. Көршісінің сөзінше, кіші Роналдудың жанында үнемі күзетшілер болады.

Күзетшілер форвардтың сүйіктісі Джорджиния Родригестің де жанынан табылады. Одан бөлек келіншекке бала күтушілер де көмектеседі екен. Айта кетсек, Криштиану мен Джорджиния төрт бала тәрбиелеп отыр.

Қараша айында БАҚ беттерінде Роналду мен Родригестің жасырын түрде үйленіп алғандары туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет ресми расталған жоқ.

Роналду Турин қаласында 2018 жылдан бері тұрып келеді. Ол "Ювентус" сапында Италия чемпионы болды. Португалиялық ойыншы "Алтын доптың" бес дүркін иегері.




Көрілген: 1092    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.12.2019, 23:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29