Футбол

"Ливерпуль" "Барселонаны" ойсырата ұтып, Чемпиондар лигасының финалына шықты

  • Reuters©

    Reuters©

Англиялық "Ливерпуль" Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында "Барселонаны" ірі есеппен жеңіп, финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Энфилдте" өткен ойында алаң иелері сапында көшбасшылар ойнаған жоқ - мысырлық Мохамед Салах пен бразилиялық Роберто Фирмино жарақат алған болатын.


"Барселонада" өткен алғашқы матч каталониялықтардың пайдасына 3:0 есебімен аяқталған еді, ал"Ливерпуль" өз алаңында қонақтар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.


7-минутта Дивон Ориги есеп ашқан. Үзілістен кейін "Барселона" қақпасында доп тағы үш рет тулады. 54 және 56-минуттарда Джорджиньо Вейналдум қанжығасын майлап, екі матч нәтижесі бойынша есепті теңестірді. Ал 79-минутта Ориги өз мүмкіндігін жібермей, матчтың нүктесін қойды - 4:0.


Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша "Ливерпуль" "Барселонаны" 4:3 есебімен жеңіп, қатарынан екінші жыл финалға жолдама алды.


Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Мадридтегі "Метрополитано" стадионында өтеді.


 


 




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.05.2019, 10:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31