Футбол

Мадридтік "Реал" Испания суперкубогының финалына шықты (видео)

  • Фото: Instagram/realmadrid

    Фото: Instagram/realmadrid

Мадридтік "Реал" Испания суперкубогының финалына шықты. Ақтық мәре үшін таласты корольдік клуб "Валенсияны" 3:1 есебімен жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Реалдың" Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Тартысты матч Сауд Арабиясында өтті.

Есепті алғашқы таймда мадридтік "Реал" мен Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Кроос ашты. Қақпашының шығып кеткенін аңғарған неміс футболшысы 15 минутта бұрыштамадан гол соқты.

Ойынның 40 минутында Иско есепті еселеді. Испания құрамасының жартылай қорғаушысы айып алаңында "Валенсия" қорғаушыларының қателігін сәтті пайдаланып кетті.

Екінші тайм екі клубтың толассыз шабуылдарымен басталды.

"Валенсия" командасының бірнеше қауіпті шабуылдары нәтижесіз аяқталды.

Матчтың 65 минутында "Реалдың" хорватиялық легионері Лука Модрич қарсыластың қақпашысынан айласын асырды.

Ал "Валенсия" клубы ойынның соңғы минуттарында есепті бір допқа дейін қысқарта алды.

Ұжым капитаны Дани Парехо он бір метрлік айып добынан мүлт кеткен жоқ.

Жартылай финалдың екінші ойыны бүгін, 9 қаңтарда түнде өтеді.

Ақтық мәреге берілетін екінші жолдаманы "Барселона" мен "Атлетико" клубтары өзара сарапқа салмақ.

Еске сала кетсек, осыған дейін 2019 жылы Инстаграмда ең көп қаржы тапқан жұлдыздар жайлы жазған болатынбыз.

Көшті "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бастап тұр. Екінші орында аргентиналық футболшы Лионель Месси.

Желі арқылы пайда табу жолында алғашқы үштікті Кендалл Дженнер қорытындылады.

 




Көрілген: 1060    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.01.2020, 13:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29