Футбол

Мадридтік "Реал" Испания суперкубогының жеңімпазы атанды (фото, видео)

  • фото: Instagram/realmadrid

    фото: Instagram/realmadrid

Мадридтік "Реал" Испания суперкубогын иеленді. Ақтық мәреде корольдік клуб "Атлетиконы" пенальти сериясы арқылы жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Реалдың" Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясында өткен ойынның негізгі уақытында есеп ашылмағандықтан, төрешілер он бес минуттық экстра тайм белгіледі.

Алайда "Атлетико" мен "Реал" футболшылары бұл жолы да бір-бірлерінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Ойын тағдыры пенальти сериясы арқылы шешілді.

"Атлетико" футболшылары он бір метрлік айып добын сәтсіз орындап, корольдік клуб Испания суперкубогының жеңімпазы атанды.

Нәтижесінде, мадритік "Реал" тарихынды аталған жүлдені он бірінші рет иеленді.

Финалдық матчтың үздік ойыншысына берілетін марапатты Федерико Вальверде алды.

Уругвайлық жас футболшы қақпашымен "бірге-бір" қалған "Атлетико" шабуылшысы Мораттаны шалып құлатып, 116 минутта алаңнан қуылғанын айта кету керек.

Оның әрекетін әлеуметтік желіде "Реал" жанкүйерлері үлкен ерлікке теңеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін финалға берілген алғашқы жолдаманы мадридтік "Реал" жеңіп алған болатын. Корольдік ұжым "Валенсияны" 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал жартылай финалдың екінші ойынында "Барселона" мен "Атлетико" клутбары кездесті. Тартысты өткен матчта каталониялық клуб қарсыластарына 3:2 есебімен жол берді.

 




Көрілген: 257    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 10:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30