Футбол

"Манчестер Сити" футбол клубы чемпиондық атағынан айырылуы мүмкін

  • "Манчестер Сити" ФК. Фото: premierleague.com

Ағылшын премьер лигасы "Манчестер Сити" футбол клубының қаржылық есептерін тексеру бойынша жеке тәуелсіз тергеу жүргізеді. Соған сәйкес, "қалалықтар" 2012-2016 жылдар аралығында қол жеткізген бірқатар атақтарынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

 

Daily Mail басылымының мәліметінше, "Манчестер Сити" футбол клубы 2013/14 маусымдағы Англия премьер лигасының чемпионы атағынан айырылып, титул "Ливерпуль" командасына берілуі мүмкін.

 

Егер АПЛ өкілдері "Манчестер Сити" тарапынан бұзушылықтар анықтаса, команда 2013/14 маусымдағы чемпиондық атағынан айырылады. Ол кезде "қалалықтар" чемпионат қорытындысы бойынша "Ливерпульден" екі ұпайға басым түскен болатын.

 

Бұған дейін Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) "Манчестер Сити" футбол клубын екі маусымға еурокубок ойындарынан шеттетуге шешім қабылдағанын жазғанбыз.

 

УЕФА клубтарының Қаржылық бақылау органының тәуелсіз Сот палатасы барлық дәлелдерді зерделей келе, "Манчестер Сити" футбол клубы лицензиялау ережелерін өрескел бұзғанын және 2012 және 2016 жылдарғы есептерінде демеушілік табыстарын асыра көрсеткенін анықтаған.

 

Осыған орай, Сот палатасы ағылшын клубын УЕФА-ның 2020/21 және 2021/22 жылдарғы екі маусымынан шеттетуді ұйғарды. Сондай-ақ 30 млн еуро айыппұл салды.

 




Көрілген: 204    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.02.2020, 23:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30