Футбол

Месси физика заңдарына бағынбайтын трюк жасады (видео)

  • © instagram/leomessi

    © instagram/leomessi

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында "физика заңдарына бағынбайтын" трюк көрсететін видео жариялады, - деп хабарлайды Eurosport тілшісі.


Видеода аргентиналық футболшы доптың үстіне газдалған сусынды қойып, кейін тепкенде, бөтелке өз өсімен айналып жерге нық түседі, ал доп ұшып барып, шығыршықтың дәл ортасынан өтеді.


Леоның парақшасында видео бір тәуліктің ішінде 17 миллионнан аса қаралым жинады. Алайда трюктың шынайы жасалғанына күмән келтіргендер де болды.


Кей басылымдар видеоны кадрға бөліп, мұның сиқыр емес, жәй ғана монтаж екенін айтқан. Себебі бөтелке жерге түскенде ұзақ шайқалып тұрмаған.



Sports.ru журналистері мән-жайды анықтау үшін футбол жайлы айтатын танымал YouTube блогері Герман Попковпен (German El Classico) байланысып көрді. Оның айтуынша, видеода көрсетлген нәрсе шынайы.


"Екі жағдайда да бұл монтаж емес. Біріншіден, бұл трюкті жасау қиын емес, мен бірнеше рет қайталап көргенмін. Бұл қарапайым "боттл флип челлендж", ал сақинаға кіргізу оңай. Допты астынан тебу керек. Ал бөтелке шамамен бес рет мүмкіндіктің екеуінде түседі. Ең бастысы суды аз құйып, түбі кең бөтелкені таңдау керек", - дейді ол.


 vesti.kz




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.02.2019, 09:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30