Футбол

"МЮ" Роналдудың ізбасары үшін 120 миллион төлеуге келісті

  • © readfootball.com

    © readfootball.com

Англиялық "Манчестер Юнайтед" және мадридтік "Атлетико" португалиялық "Бенфикамен" форвард Жоау Фелиштің трансферіне қатысты келіссөздер бастады.


Record мәліметінше, "МЮ" 19 жастағы португалиялық үшін 105 миллион фунт (шамамен 120 миллион еуро) төлеуге дайын. Сонымен бірге, "Атлетико" маусым аяқталасымен клубтан кететін Антуан Гризманның орнын басатын футболшы іздеп жатыр.


Мұның алдында "Бенфика" Еуропаның бірқатар топ-клубтарының нысанына айналған Фелишпен жаңа келісім жасаған. Ойыншы келісімшартты үзген жағдайда клубқа 120 миллион еуро төленеді, "Бенфика" басшылығы оны 200 миллионға дейін көтергісі келеді.


Биылғы маусымда Фелиш Португалия Примейрасында 24 матч өткізіп, 13 гол соқты. Бұл ойыншыға "Ювентус", "Манчестер Сити", "Пари Сен-Жермен" және "Реал" да қызығып отыр.


Ал Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Фелишті өзінің ізбасары ретінде көреді екен. Форвард "Ювентус" басшылығын "Бенфика" ойыншысын сатып алуды өтінген. 


kaz.vesti.kz




Көрілген: 241    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.05.2019, 19:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30