Футбол

Неймар командаласы Дракслермен төбелесе жаздады

  • ©  RT

    © RT

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар мен командаласы Юлиан Дракслер Франция чемпионатының 34-ші турында "Монпельеден" (2:3) жеңілген соң жанжалдасып қалды.


Le Parisien мәліметінше, жанжал шешінетін орында болған. Дракслер тым көп уақыт жеке ойынйтыны үшін Неймарды кінәлаған. Бразилиялық жауап ретінде айқайға басыпты: "Маған олай дейтіндей кімсің? Сен ештеңе істемейсің, пас бересің де, артқа!".


Төбелесіп кете жаздаған боксшылар арасына ПСЖ спорт директоры Антеро Энрике және бас бапкер Томас Тухель түсіп, тоқтатып қалған.


ПСЖ биылғы маусымда Франция чемпионы атанды, алайда, ел Кубогы, Лига кубогы мен Чемпиондар лигасында жолы болмады.


Неймар мен Дракслер ПСЖ-ға 2017 жылы келді. 2014 жылы әлем чемпионатын ұтқан 25 жастағы германиялық париждіктер сапына қыста, ал бразилиялық жазда қосылды. Бұл маусымда Неймар 27 матчте 22 гол салды және 12 нәтижелі пас берді, ал Дракслер - 43 ойында бес гол және 11 нәтижелі пас берді.


kaz.vesti.kz


 




Көрілген: 307    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.05.2019, 16:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30