Пеле өз рекордын бұзған Роналдуға жауап берді

15 наурыз 2021, 18:45

Футболдан Бразилия құрамасы сапында үш дүркін әлем чемпионы Пеле өз рекордын бұзған португалиялық Криштиану Роналдуны құттықтады, деп хабарлайды Р-Спорт.

 

Роналду Италияның А сериясы 27-турында "Кальяриге" (3:1) қарсы матчта хет-трик жасап, карьерасында соққан голдар санын 770-ге жеткізді. Пеленің еншісінде 767 гол бар.

 

"Роналду, өмір - жалғыздың саяхаты. Әркім өз сапарын жасайды. Ал сенің жолың қандай! Саған таңырқаймын, ойыныңды тамашалағанды ұнатамын, бұл ешкімнен жасырын емес. Ресми матчтерде салған голдар саны бойынша менің рекордымды бұзғаныңмен құттықтаймын. Өкіндіретін жалғыз дүние, бүгін сені құшақтай алмайтыным. Бірақ мен мына суретті сенің құрметіңе қоямын, үлкен сүйіспеншілікпен, ұзаққа созылған достығымыздың белгісі ретінде", - деп жазыпты 80 жастағы Пеле Instagram желісінде.

 

 

 

kaz.vesti.kz/