Футбол

"Реал" "Барселона" қызығушылық білдіріп отырған шабуылшыны сатып алуға кірісті

  • Фото: gooool.tv©

    Фото: gooool.tv©

Мадридтік "Реал" "Интер" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лаутаро Мартинесті сатып алуға кірісті. Команда 23 жастағы шабуылшының өзімен келісімшартқа келіп қойыпты, деп хабарлайды Sportmediaset.

 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Мартинес "Реал"сапында жылына сегіз миллион айлық алатын болады екен. Бұл шабуылшы үшін мадридтік команда "Интерге" Лука Йовичті қосып беруге дайын.

 

Еске салайық, бұған дейін Лаутароны "Барселона" командасы сатып алғысы келгені айтылды. Бірақ каталониялық команда мен италиялық команданың басшылары келісімге келе алмаған. Дегенмен футболшының өзі Лионель Мессимен бірге ойнау үшін, "Барселонаға" ауысқысы келгенін айтқан.

 

Лаутароның "Интер" командасымен 2023 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарты бар.

 

Шабуылшы өткен маусымда "Интер" сапында 49 кездесу өткізіп, 21 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Оның футбол нарығындағы бағасы 70 миллион еуро екен.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 21:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31