Футбол

"Реал" капитаны мен Роналдудың досы жанжалдасып қалды

  • © SPORTARENA.com

    © SPORTARENA.com

Мадридтік "Реал" қорғаушылары Серхио Рамос және Марсело команданың таңғы жаттығуында жанжалдасып қалды. Бұл туралы Marca хабарлап отыр.


Футболшылар екі командаға бөлініп ойнаған. Марселоның жеңіске қатты қуанғаны Рамосқа ұнамай қалып, осы үшін жазғырған. Бұған бразилиялық әр жеңісте осындай көңіл-күйде болатынын айтқан.


Осыдапн кейін футболшылар бірнеше минут дауласып тұрған екен. Жағдайға "Реалдың" өзге ойыншылары араласып, ақыры футболшылар бітімге келгенге ұқсайды.


Мұның алдында Марсело туриндік "Ювентуске" ауысу туралы келісімге келгені хабарланған, 2018 жылдан бері бұл командада оның досы португалиялық Криштиану Роналду ойнайды.


27 тур қорытындысы бойынша "Реал" 51 ұпаймен Испания чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші тұр. Мадридтіктер көш бастап тұрған "Барселонадан" 12 ұпай қалып отыр. Жақында мадридтік клуб Чемпиондар лигасынан және Испания кубогы үшін жарыстан шығып қалды. 


kaz.vesti.kz




Көрілген: 637    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.03.2019, 16:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31