Футбол

Роберт Левандовски "Бавариядан" кетуі мүмкін

Мюнхендік "Бавария" мен Полша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски ағылшындық командалардың біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Bild.

 

Дереккөздің ақпараты бойынша, польшалық шабуылшының агенті Пини Захави қазіргі уақытта "Бавариямен" жаңа келісімшарт туралы келіссөз жүргізуде. Егер бұл келіссөз кезінде мюнхендік команда шабуылшының айлығын көбейтпесе, ол карьерасын Англияда жалғастырады.

 

Қазіргі уақытта Левандовскиге "Манчестер Юнайтед" пен "Челси" командалары қызығушылық білдіріп отыр.

 

Левандовски 2014 жылдан бері "Бавария" командасында ойнап келеді. Оның қазіргі келісімшарты 2023 жылы аяқталады.

 

Биылғы маусымда ол Бундеслиганың 26 ойынына қатысып, 36 гол соғып, алты нәтижелі пас берген.

 

2008 жылдан ол Польша ұлттық құрамасында өнер көрсетеді.

 

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 19:07

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30