Футбол

Зидан "Манчестер Ситиге" қарсы кездесуде Бэйлдің неге алаңға шықпайтынын айтты

  • Гарет Бэйл. Сурет: sports.ru©

    Гарет Бэйл. Сурет: sports.ru©

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Гарет Бэйл Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Манчестер Ситиге" қарсы кездесуге қатысатын футболшылардың тізіміне енбеді.

 

Кездесу бүгін, 7 тамыз күні Англияда өтеді. Бұл екі команда арасындағы бірінші кездесу 2:1 есебімен ағылшындық команданың пайдасына аяқталды.

 

"Реал" бас бапкері Зинедин Зиданның айтуынша, бұл кездесуге Бэйлдің өзі қатысудан бас тартқан.

 

"Біздің Бэйлмен қарым-қатынасымыз туралы көп нәрсе айтылды. Бапкер мен футболшы ретінде біз бір-бірімізді сыйлаймыз. Екеуміз жеке сөйлестік. Сол кезде ол алдағы кездесуде ойнағысы келмейтінін айтты. Қалған әңгіме екеуміздің арамызда қала берсін. Не айтқанымыз туралы сіздерге айтпаймын. Бэйл "Реал" ойыншысы. Сол үшін мен оны құрметтеймін. Қазір "Манчестер Ситиге" қарсы кездесуге дайындалып жатырмыз. Бірақ ол кездесуге Гарет қатыспайды", - деп келтіреді Зиданның сөзін Marca.

 

Айта кетейік, бұған дейін Бэйл Зиданның көңілін қалдырғаны туралы айтылған еді. Ол жуық арада командадан кетуі мүмкін.

 

kaz.vesti.kz
 




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

жұма, 07.08.2020, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31