Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

50 млн полякқа демография керек, 15 млн қазаққа ше

19 мамыр 2021, 00:02

Қазақстан халқы аз ел. Билік тарапынан "халықты көбейту мақсатымыз", "басты басымдығымыздың бірі халық санын арттыру" деп айтқанымен, шынайы негізде олай емес(сияқты). Байқалмайды.Төрт балаға айына 40 мың теңгеден сәл ғана көп қаржы беріп, соны бұрынсоңды болмаған қолдау ретінде көрсеткенде ұялып кетемін. Сұмдық ұят. Соның өзін беру бір жыр. Құдды бір ай сайын 4 мың доллар беріп отырғандай. Төрт балаға ай сайын 44000 теңге беріледі. Бұл тіпті 100 еуро да емес. Ал енді басқа мемлекеттерді қарап көрелік.

 

Мысалы Польша Еуропадағы көп балалы болу саясатын қолдайтын ел. Өйткені соғыс уақытында көп қырғынға ұшырады, енді мемлекеттік саясат демографияны көтеріп, поляк ұлты тарихтан ойып орын алуы тиіс дейді. Сондықтан "Rodzina 500+" бағдарламасы аясында әр балаға айы сайын 56000 теңге көлеміндегі жәрдемақы беріп келеді. 18 жасқа дейін. Алдында абортқа байланысты ереуілдер болып еді, енді жәрдемақыны тіпті көтермек. "Кезінде қырылдық, енді көп болуымыз керек" дейді. Қазақ та кезінде қырылды. Миллиондап қырылды. Дәп біздей қырылған халық жоқ шығар. Бірақ үкімет 4 балаға айына 44 мың беру жеткілікті деп отыр. Сонда әр балаға айына 11 мың теңгеден ғой. Айтпақшы 4 балаң болмаса берілмейді, 1-2-3 баласы барларға соқыр тиын да жоқ. Мемлекетіміздің саясаты мықты ғой. Сонда поляк үкіметі үшін бала қымбат та, қазақ үкіметі үшін қымбат емес па?!

 

Біз біраз заңын көшіріп, қарайлап отыратын Ресейді қараңызшы. Ана капиталы бар. Туған сәтте 3.7 млн теңге қаржы бөледі. Қазақ билігі бәрін байқаса да, Ресейдің бұл өзгерісін байқамай қала береді-ей. Қызық ии)

 

Әлгі күнде митинг болып жатқан Беларусь елін қарайық. Лукашенко мұртын бір шиырып қойып, бірінші балаға 3 жасқа дейін 48000 теңге беріп отыр. Ал екінші және одан көп балаға 54000 теңгеден беріп отыр.

 

Сонда бұлардың Үкіметтері ақымақ па? Неге "4-5 баладан кейін барып төлейміз" деп айтпаған екен и? Таза ақымақ екен!

 

ПыСы: Құрметті жоғары жақтағы азаматтар. "Пандемия, әлемдік дағдарыс, мұнай бағасы, Ұлттық қор, анау-мынау" деген түрлі сылтауды ысырып қойып, осыларға қарап бір үлгі алып жіберсеңіздер. Төрт баладан кейін деп бөліп-жармай, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген түркілердің ұрпағына тән жомарттық қасиетпен барлық баланы алаламай, дені дұрыс төлем жасасаңыздар қазақтың саны артар ма еді. Мүмкіндік бар ғой. Жоқ болса жазбас едім. Әйтпесе мен "50 млн полякқа демография керек, 15 млн қазаққа ше" деген сұрақтың жауабын іздеп жүрмін. Таппадым.

 

 

 

 

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан