Сен тұр - мен айтайын!

Әдемі сөйлеп жүргеннің жасап жүрген тірлігі оңбастай...

  • Әдемі сөйлеп жүргеннің жасап жүрген тірлігі оңбастай...

    Әдемі сөйлеп жүргеннің жасап жүрген тірлігі оңбастай...

Ешнәрсе айтқым да келмейді, ешнәрсе жазғым да келмейді... Сүлесоқпын. Өйткені ешнәрсеге таңғалмайтын боп алғанмын. Ешнәрсені түсінбеймін. Түсінуге ниетім де жоқ. Түсіндіруге миым жетпейді.

Бәрі атала. Адамнан ұят та, иман да кетті. Ал, ары мен ұяты сынған ұлт кез-келгенге оңай "олжа" екенін баяғыда Абай айтып кеткен.

Бір-біріне қарсы шыққан, бірін бірі талап, тіпті өлтіре салуға дайын жұрт. Рухани азып-тоздық. Күйреген рухты орнына келтіру үшін қанша уақ керек, білмедім... Жан жалаңаштанғанда жақыныңды жат санап, кеудеңнен жанашырлық ұшып, орнын залымдық басатындай. Қазақты қазақ қана жұлып жеп бара жатыр. Везде! Қалыспау керек, бәрі "жүлдегер" болуға жарысқа түскендей! "Әй!" деп бірдеңе дейін десең, бетіңе бір-ақ түкіре салады. Адамның құны, бағасы, орны көк тиын.

Арман да, мақсат та, адамдық та арзандап кетті. Кәдімгі күнделікті тұрмыстың, тек тіршіліктің, күнкөрістің деңгейіне түсе салды. Тауық сияқтымыз, шарбақтан ары ұша алмайтын... Ойлайтынымыз пайда, арды ұмыттық. Оның ішінде өзім де бармын, Құдай біледі. Жан сақтасақ болды, қалғаны күл болмаса бүл болсын, дейміз.

Сөз көп, іс жоқ көбіне. Әдемі сөйлеп жүргеннің жасап жүрген тірлігі оңбастай...

Бізге жай ғана этиканы үйретер, адамгершілік, мораль мәселесінде үлгі болатын адам бар ма? Мен ерер едім, соңына! Даңқұмарлық пен әдепсіздікті, "фальшивыйлықты" үйреніп болдық қой... Оны үйрететін "лидерлеріміз", "тұлғаларымыз" өте көп! Баяғыда қойшы ауылда жүргенде, машиналарда клейленіп тұратын "Пролетариаттар бірігіңдер!" деген плокатты көрсетіп "мынау не деген сөз?" деп, әкемнен сұрағынымда, жауаптың орнына "сендердің замандарыңда бәрі жақсы болады" деген. Одан бері отыз жыл өтті. Қайда сол айтқаны?

"Жайымды айтсам, жасырмай, жағдайым менің осындай..."




facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 2580    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.06.2019, 19:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31