Сен тұр - мен айтайын!

Ажал келіп, ауылымызды аралап жүр...

  • Ажал келіп, ауылымызды аралап жүр...

    Ажал келіп, ауылымызды аралап жүр...

Ажал келіп, ауылымызды аралап жүр. Күніне қанша үйге кіріп-шыққаннын естіп, біліп отырмыз. Көшеге барсақ, алдымнан шыға ма деп бір қорқасың, үйде отыра берсем, іздеп келе ме деп тағы қорқасың.
Келсе есігіңді қағып тұрмайды ол, ентелеп тәніңе кіріп, жаныңмен бірақ шығар...
Әне, кеше төгіліп той жасаған үй жалғыз имаммен жаназа шығара алмай, қор болып тұр... Кеше ғана тойда тосылмай тост сөйлегендер бүгін үнсіз... Ал, тірісі тегін жұтқан ауасына зар боп жатыр...
Бір жапырақ матамен аузын орағысы келмегендер бүгін тегіс кебінге ораныпты...

Бірақ, оған біз емес кінәлі... Кінәлі анау, сосын мынау, тағы әлгілер бар...
Бастысы оларды уақытында жазғырып, кінәләп үлгерсек болды...
Ал, анау әне, тағы бір үйге кірді...


Багдат Амангельды
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2242    Пікірлер: 0

жұма, 03.07.2020, 08:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31