Ажалдан гөрі кедейшіліктен қатты қорқамын

08 желтоқсан 2021, 17:01

Кедейшілікпен күресу керек. Бүкіл пәле-жала, ыза-кек, негатив пен ашу мінез - бәрі жоқшылықтан. Ажырасу мен қылмыс та сол кедейшілік пен жоқшылықтан. Адамның төрт түлігі сай болса, оған бәрі жақсы, бәрі оң. Ауқатты адам - өмірге риза, айналасына жылулықпен қарайды. Баршылық - адамның жүрегі мен пейілін кеңейтеді, жанына мәрттік пен жомарттық сыйлайды. Кедейшілік - сүйекке сіңеді. Кедейшілік - тұқым қуалайтын ауру сияқты. Кедей - жалтақ, қорқақ болады. Жалтақ пен қорқақтың ұрпағы да жалтақ, қорқақ болады.
Мемлекеттің басты мақсаты кедейшілікті жою деп білемін. Әлбетте толықтай 100% жоя алмайды, бірақ “Орта тап” деген ұғымның санын арттыру керек. Дұрыс тұрақты қоғамда 10% кедей, 70% орта тап, 20% байлар болады. Сондай қоғамда баланс сақталып, мемлекет болашағы әлде қайда тұрақт-ау болатынын сөзсіз. Ал бізде қазір байлар мен кедейлердің пайызын білмедім, бірақ Орта тап азайып бара жатқан сияқты. Күннен күнге, не өте кедей, не өте бай адамдар көз алдымда.
Жалпы революция мен ереуілдер, суицид пен экстремизмнің түбінде де сол кедейшілік жатыр. Өмірден көбінесе кедей адам түңіледі, (Алматыдағы 3 баласымен қайтыс болған келіншектің оқиғасы дәлел), теріс ағымдарға да кедейшілікке батқан және басы қатқан адам барады. Сондықтан осы ХХІ ғасырдың “20-шы жылдары” Кедейшілікпен күрес жылдары болса деген тілегім бар.
Ең қорқатын нәрсем - Кедейшілік. Сіздерді білмеймін, бірақ өз басым Ажалдан гөрі, Кедейшіліктен қатты қорқамын. Азайтайықшы осы пәлені …

facebook.com