Сен тұр - мен айтайын!

Ақ болды, көк болды, дамыдық-байыдық" дейді. Отвечаю

  • Ақ болды, көк болды, дамыдық-байыдық

    Ақ болды, көк болды, дамыдық-байыдық" дейді. Отвечаю

Алматыға шетелден 26 миллионға блогерлер шақырып, қаланы және оның маңындағы табиғи, тарихи әсем жерлерді көрсетпек екен. Олар бес жұлдызды қонақ үйде бес күн жатып, дәстүрлі тағам әзірлеуді де тамашалайды дейді.

 

Жалпы жиынтығы екі блог-тур болмақ. Әр блог-турда 20 адамнан. Қаланың туризм басқармасы "бұл қаланы таныту мақсатында, туризмді дамыту жолында іске асып жатыр" деген екен.

 

Тәәк, келетін блогерлер қай жақтан екенін айта кетейік. Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтан. Неткен логика, қандай ғажап таңдау. Өз ойсымағымды айта салайын.

 

- Грузия - туризм бойынша Қазақстанда артта қалдырып, бір Батумимен тұншықтырып тастаған ел.

 

- Армения - күні кеше соғыстан жағы айырылып, байтал түгіл, бас қайғы жағдайында отыр.

 

- Беларусь - күнде митинг, басшысы ұшақ қондырудан әлем чемпионы атанып, санкция астында қалады. Қазір Беларусьтерге Алматының табиғаты емес, "билікпен шайқасы" маңыздырақ-ау.

 

- Ресей - халқы Қазақстанға қарағанда Түркияны құп көреді. Бірақ Путин саяси шешіммен Анкара аспанына ұшуды шектегендіктен, қазір оккупацияланған Қырым мен Сочиде жүр (қабақтары тыжырайып). Айтпақшы бұлардың блогерлері бізге келгіштеп кетіп еді, сол жағы да күдікті че то.

 

- Украина - үшін Қазақстан емес, Түркия маңызды. Зеленскийдің өзі Түркияға барып демалуға үндеді. Оның үстіне біраз украин азаматы бізді Ресейдің сенімді серіктесі санайды, ал олардың Мәскеуге деген әділетті қатынасын білесіздер.

 

- Түркия - өзі туристік орталық. Сан мыңдаған демалыс орындарының сапасы да, бағасы да қолайлы. Сервистері супер.

 

-  Оңтүстік Корея - күлдіртпеңдерші. Қазақтар Сеулге барып, еңбек мигранты болатын шығар. Бірақ кәрістер бізге келіп демалуы екіталай. Таз басындағы екі-үш шаштай аз кәріс келмесе, басқасы келмес.

 

-  БАӘ? Рас айтасыңдар ма? Қазақ Дубайға барады, бірақ Дубай қазаққа келе ма, сенбеймін.

 

-  Гонконг - (ну бұны білмедім)

 

ПыСы: оданда ішкі туризмге жарнама жасау керек қой, өз халқымызға. Сырттан турист келу үшін жоғары сервис болуы қажет. Дәретхана, жоғары интернет, тақтайдай жол, мәдениетті персонал дегендей. Пандемия кезінде әлем халқы ішкі туризмге күш салуда. Өйткені сыртқа шығу қиын, әуресі көп. Қаупі де аз емес. Сондықтан барлығы ішкі туризмге бағыттап жатыр. Мысалы алдында Түркістан ашылғанда ішкі туризмнің қабілетін көрдік. Халық ағылып барды, бірақ көп қонақ үй дайын емес екен, орын жетпеді. Сервисі сыр берді. Сырттан әрине олай ағылмайды, бірақ ағылса ұят болмай ма?)

 

Шамамен Алматы қаласының әкімдігіндегі Туризм басқармасының күздегі есебін сезіп отырмын: "Осынша блогер шақырдық, олардың осынша миллион оқырманы бар екен. Жалпы жиынтығы мынша қаралым болған, бұл үлкен жарнама болды, ақ болды, көк болды, мынша пайыз турист саны артты, дамыдық-байыдық" дейді. Отвечаю)

 

 

 

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2299    Пікірлер: 0

жұма, 04.06.2021, 18:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30