Әкеден көмек көрмеген, түрін ұмытқан ұл-қыздарының ішінде қандай шер жатыр десеңші
Кеше оқушы кезден жұптары жазылмаған, бірін-бірі қатты сүйген жұбайлардың ажырасып кеткенін естіп, өз құлағыма әлі сенбей жүрмін. Олардың махаббатына куә болған көзімнің кінәсі жоқ. Мен танитын жандардың отбасында карантин кезінде үш ұйықтасам түсіме кірмеген оқиғалар болды.
Біреулер шеттей бала-шағасын еңіретіп, ашынамен ойнастық жасап кетті. Қазіргі дүрбелеңде кейбір еркектердің балаларына мүлдем мойын бұрмай кеткенін естідім. Әкеден көмек көрмеген, түрін ұмытқан ұл-қыздарының ішінде қандай шер жатыр десеңші.
Түнде 6 баланың әкесі әйелінің мас күйінде жалаңаш видеоларын жіберіпті.Ана құқығынан айыруға көмектес дейді. 6 перзент сыйлаған әйелді сондай күйден құтқаратын еркектің әңгімесін тыңдағым келмеді. Түнімен хабарлама жазыпты.
Карантин кезінде ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық, адамгершілік, қамқорлық таразыға тартылғандай. Күнде бір оқиғаны естіп, күрсініп қоямын.
facebook.com папрақшасынан