Әкім-кәсіпкерлер деген құбылыс бар. Бір өңірлерге барсаң, "мынау әкімнің шаруашылығы", "мынау әкімнің нысаны" деген сөздер көп болады. Әрине, ешқандай дәлел жоқ, дегенмен, " жел болмаса шөптің басы қыймылдамайды" деген де сөз бар. Мен біздің әкімдер елді де басқарып, аймақтың экономикасымен де айналысып, өзінің бизнесін де дөңгелететін әсіре адамдарға ұқсатамын. Ал шынына келетін болсақ, әкім-кәсіпкерлердің тағдырына балта шабатын уақыт келді. Әкім халықтың қамын ойлайтын, ел тағдырымен жүретін дара тұлға болуы керек. Бір ғана тарихи мысал, У. Черчилль Үкіметтен отставкаға кеткенде кітап жазып күн көрген. Әкімдерді "түгендейтін" уақыт жеткен тәрізді.
Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан