Сен тұр - мен айтайын!

Әкімі өзінің кемпірінің ақылындай ақыл таппаған елді аяп кетті

  • Әкімі өзінің кемпірінің ақылындай ақыл таппаған елді аяп кетті

    Әкімі өзінің кемпірінің ақылындай ақыл таппаған елді аяп кетті

Самауыр түбіндегі салют

Қожанасыр мен кемпірі ертеңгі шай үстінде шүйіркелесіп отыр. Кемпір самауырдан бетер қайнап кеткен.
- Кешегі салюттің әрбір шоғы жүрегімді күйдіріп, түні бойы ұйықтамадым,- дейді.
- Қатын, қала әкімінде оны атқаннан басқа амал болды ма?- деді Қожекең төбеге қарап.

- Қалай? - деді кемпірі шалына қарап.
- Салют атуға тендер жыл басында жарияланған шығар. Бір дөкейдің фирмасы оны анағұрлым артық бағамен ұтып алған шығар. Қытайдан оны әкеліп қойған шығар. Енді оны атпаса жұмыстың біткені туралы акт жасалмайды. Дөкейдің фирмасы анау қапшық-қапшық ақшаны қайтаруы қажет болады. Ол мүмкін емес. Халық шыбындай қырылып жатса да салют беру себебі содан,- деді Қожекең кезекті кесені кемпіріне ұсынып жатып.
Кемпірі болса:
- Онда сол салютті сақтай тұрып, мына індетті жеңген күні атпады ма. Бүкіл елге мерей болар еді, - дегені.
Қожекең басын қасып отырып қалды.
Басты қаласының әкімі өзінің кемпірінің ақылындай ақыл таппаған елді шыннан аяп кетті.


Қайнар Олжай
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2677    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.07.2020, 09:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31