Сен тұр - мен айтайын!

Ақпаратты тұмшалап, мәселені шегеріп, халықты зар-қақсатып қойды

  • Ақпаратты тұмшалап, мәселені шегеріп, халықты зар-қақсатып қойды

    Ақпаратты тұмшалап, мәселені шегеріп, халықты зар-қақсатып қойды

Марқакөл ауданын ашу (ашпау) жөніндегі Өкіметтік комиссия сол өңірде жұмысын бастамақшы.
Іске сәт демекпіз.
Бұл мәселе облыс басшылығының бастамасымен емес, керісінше, ол жақтан мәселені "құйымшықтап", жабулы қазанды тұмшалап тастауға тырысу жағдайында болып отыр.
Жергілікті халықың мұң-мұтажын, мұңын түсінуге қабілетсіз басшыны кім дейміз?

Басқа облыстарда әкімдер халықтың мүддесі үшін шырылдап жүреді.
Бір ғана мысал, Алматы облысының әкімі А. Батталов бұрынғы Нарынқол ауданын ашуды ешқандай у-шусыз, өзінің деңгейінде шешіп берді. Өйткені, өресі биік, мемлекеттік ойлау дәрежесі жоғары. Аудан ашу үшін "бәлембай миллиард" керек деп байбалам да жасамады, айқайлап жар салмады. Үкіметтік комиссия да артынып- тартынып барған жоқ. Нарынқол ауданы ашылды, қазір естуімізше, халық ақырындап көшуде. Мемлекеттік дәрежеде ойлау, ұлттық қауіпсіздік принциптерін терең түсіну дегеніміз осы!
Дәл сондай жағдайдағы Шығыс аудандарын ашу жергілікті әкімшіліктің түсінбеу "қытай қорғанына" тап болды. Ақпаратты тұмшалап, мәселені шегеріп, халықты зар-қақсатып қойды. Көтерген адам әкімшіліктің жауы, "оппозиция". Міне, олардың принципі.
Ал енді, Марқакөлге барғанда Өкіметтік комиссияның екі көзі төрт болары сөзсіз. Халық үдере көшіп жатыр, иен дала, адамдардың өмір сүру индексі төмендеп кеткен. Соқыр немесе керең болмаса, көрер көзге бәрі анық.
Қазір, Үкіметтік комиссияға зейін, ақыл, мемлекеттік тұрғыда ойлау қабілетін тілейік...

Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1764    Пікірлер: 0

жұма, 10.01.2020, 10:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30