Сен тұр - мен айтайын!

Ақпараттық қарсыласу дегеніміз не?

  • Айдос Сарым

    Айдос Сарым

Бүгінгі жағдайдан туындаған бір ойдың бірі - қазақ ақпарат кеңістігі өзінен басқа нарықпен қарым-қатынасы жоқ, тұйықталып қалған нарық. Шынын айтайық, егерде бірдеңе болып қалса басқаны көмекке шақырмақ түгілі, оларға болған жайды уақытында айтып та бере алмай кетуіміз ғажап емес.

Бүгінгінің ең мықты журналисті, қаламгері, сарапшысы қазақ баспасөзінде күн сайын сайрап тұрған адам емес, қазақ мүдделі, қазаққа қажет елдердің нарығына шығып, сол жақта қажетті қоғамды пікір тудырып жүргендер деп санаймын.

Байқасаңыздар соңғы кездері жергілікті еуразияшылардың қолынан түк те келмейді деген пікір пайда болған болуы керек Ресейдің айтағымен жүретін ондаған сарапшылық орталық құрылып, талай медиа-менеджер Ресейден десант болып жіберіліп жатыр. Бұл да тегін емес. Олар өзінің жұмысын атқарып-ақ жатыр тырмысып. Талай газеттерге тапсырыс беріліп, солардың беттерінен түспейтін болып алды.

Бұған қарсы не істеуге болады?

Қазаққа дос, қазақ елі мен мемлекетіне ниеттес үлкенді-кішілі желілерді құра беру керек. Көршілес, тағдырлас елдердің ақпараттық нарықтарына шығып, сол жақта да қосымша күрес жүргізе беру керек. Елдің жайын айтып, түсіндіріп айта беру керек. Өзіміздің нарығымызға қырғыз, әзірбайжан, түрік, өзбек, украин, грузин, татар, башқұрт тағы басқа елдердің сарапшыларын көптеп тартып, соларды да сөйлете бергеніміз абзал. Одан артылып жатсақ алпауыт елдердің де нарықтарына шығайық, солардың сарапшыларының сөзін тыңдайық. Оған әсіресе мына әлеуметтік желілердің туғызар мүмкіндіктері орасан деп санаймын. Қажет болса сол елдердің де форумдарына шығып сөз таластырайық.

Үйренетін тәжірибе, істейтін жұмыс қыруар.

Жұртқа ұйықтататын емес, оятын әңгімелерді көптеп айта берелік!

Қолдан келетін әрекетке көшейік!

Айдос Сарым

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1365    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 17.09.2014, 15:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30