Сен тұр - мен айтайын!

АҚШ Иран текетіресі: Қазақстанның ұтары бар ма?

  • АҚШ Иран текетіресі: Қазақстанның ұтары бар ма?

    АҚШ Иран текетіресі: Қазақстанның ұтары бар ма?

Парсы шығанағының басынан қара бұлт ажырамағалы қай заман? Үнемі саяси һәм экономикалық текетірестермен қарулы қақтығыстардың мекеніне айналып келеді. Бұл жолғы дүмпу тағыда осы аймақта болды. АҚШ түрлі желеу айтып, Иран генералы, Ислам революциясы корпусына қарасты "Құдс күштерінің" қолбасшысы Сүлейманиді Бағдат әуежайында зымыранмен соққы беріп, өлтірді. Бұған қарымта ретінде Иран АҚШ-тың Иракта орналасқан екі әскери базасын зымыранмен атқылады. Әзірге жағдай осымен тынғандай. Трамп мәлімдеме жасады. Бірақ Иранға қарсы әскери күш көрсетуді қаламайтынын тек саяси және экономикалық санкциямен шектелетінін жеткізді. Өйткені Иран оңай шағылатын жаңғақ емес. Иран – Азиядағы ең ірі энергетикалық ел. Мұнай қоры жағынан келсек, әлемде бесінші, ал газ қоры жағынан екінші орында тұр. Жалпы, әлемде мұнай өндіруде ОПЕК-тен кейін екінші орында. Әлемдегі табиғи газдың – 16, мұнайдың – 10 пайыз қоры осында. Сондай-ақ қара алтынды экспортқа шығаратын ірі төрт елдің бірі. Ол аздай Еуразияның ең бір ұрымтал, қолайлы жеріне орналасқан мемлекет. Араб елдерінің, соның ішінде Парсы шығанағында жатқан мемлекеттердің мұнайы тасымалданатын Ормуз бұғазына да (оқыстан соғыс бастала қалса, парсылар бұғазды жауып тастауға толық мүмкіндігі бар. Онда жарты әлем жанар-жағар майсыз қалды дей беріңіз. Ал оның зардабы соғыстан жүзе есе ауыр болмақ) Иран бақылау жасайды. Демек Иранның жағдайы жақсы.
Бұл жерде айтқымыз келгені, әлемдегі мұнай бағасы. АҚШпен Иран арасында соғыс болмағанның өзінде саяси және экономикалық текетірес ұзаққа созылатыны мәлім. Трамп айтқандай онсызда санкцияда отырған Иранға қарсы құрсау қатая түсетіні белгілі. Демек Иран мұнайын сыртқа шығаруға мүмкіндігі болмайды. Олай болса, әлемде «қара алтынның» бағасы біршама қымбаттамақ. Бұл мұнайын экспорттап отырған мемлекеттер үшін пайдалы. Соның ішінде Қазақстанда бар. Рас, соңғы екі - үш күнде мұнай бағасы әлемде біршама өсті. Ал елімізде доллар бағамы екі-үш теңгеге болсада арзандады. Егерде мұнай бағасы 100 не болмаса 130 доллардың шамасында болатын болса, Қазақстанда доллар 250 – 280 теңгеге дейін арзандамақ. Ел қазынасына миллиардтаған доллар «көлденең» табыс «өз аяғымен» келмек. Ең бастысы Парсы шығанағындағы текетірестің Қазақстанға осындай пайдалы жағы бар.

Азаматхан ӘМІРТАЙ
«Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы,

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

жұма, 10.01.2020, 17:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29