Сен тұр - мен айтайын!

Ақылды қыз ақымақтығымды бетке басады деп қорықпаңыздар...

  • Ақылды қыз ақымақтығымды бетке басады деп қорықпаңыздар...

    Ақылды қыз ақымақтығымды бетке басады деп қорықпаңыздар...

Кемшіліктен ешкім кенде емес. Неге қазақ кемшілігін айтқаннан қорқып, түзетпеуден қорықпайды. Қазақтың азаматтары! Бәрі сіздердің қолдарыңызда! Сіздер сізді көргенде именіп, тартынардай айбынды болыңыздар! Ой түзеңіздер, қыздар алдыңызда именіп, бой түзейді. Сіздер тек өзіңізден ақылдыға үйленсеңіздер, қыздар ізденіп, ақылға ден қояды. Соңғы кезде қыздардың ішкі жан дүниесі мен тәрбие, ақылдан гөрі сыртқы келбетін ғана мінсіз еткісі келетіні-сіздер көбіне, тек сырт келбетпен бағалауды әдетке айналдырдыңыздар. Себебі, әйел ер азамат үшін жаралған, басқа үшін емес. Ол тек өз ерінің сөзінен ғана қуат алады, ал еркек күллі ғаламды бағындыра алады. Әйел сіздің бір ауыз жылы сөзіңізге мұқтаж, оған әдемі сөзіңізді аямаңыз. Оның жаны жаратылысынан нәзік, күшті болып, өз болмысымен қарама-қайшылыққа түсуіне-жауапсыз еркектер(әкесі, ағасы, сүйгені) себепкер. Қамқорлық танытып, жақсы ниетіңізбен сеніміне ие болсаңыз, өзінің сүйікті екенін сездірсеңіз, ол қанаттана түседі және сізді қанаттандырып, құлпыра түсіп, сіздің көз қуанышыңызға айналуға барын салады, сіздің ерге тән менменшіл эгоңызды да қуаттай түседі. Сіздің әлемге шығар есігіңіз-әйел. Егер әйел немқұрайлылық сезінсе, оның ішкі жан дүниесі күйрейді, одан кейін одан әсем күй шықпайды, сонымен оның бүкіл әлемі күйрейді, тауы шағылады. Одан кейін мықтысының мықтысы ғана ес жиып, бой түзер, қалғаны сол күйреген жан дүниемен өзін де, өзгені де бақытты ете алмайды. Яғни, бақытсыздықтың себебі сол. Шын сүймесеңіз, жанын ауыртпаңыз, әлеміне айналып, сосын бос кеудемен қалдырмаңыз, обалына қалмаңыз. Ол да біреудің қызы, қарындасы, Құдайдың аялау үшін жаратқан пендесі.

Ал, ерінің мақтау сөзімен, оның қамқорлығымен, оның ыстық ықыласымен қуаттанған әйел ерін бақытты етеді, меселін түсірмейді, оны биігіне көтеріп, алдында басын иеді. Оның ұрпағын да ақылмен тәрбиелеп, ешкімнің алдында бас имей, тек әкесі мен әкесінің әкесі-халықтың алдында бас идіреді. Құрметті азаматтар! Жауапкершілікті әйелге аударып майдаланбаңыздар! Мықты ел, ұлт болуға ерлеріміз мықты болуға тиіс! Осы уақытқа дейін ердің (тіпті кішкентай баланың) алдын кесіп өтпеген мен, Ақерке, осыны ұқтырғым келеді. Мықты азаматтар қазағымда жетерлік. Тек көбейе беруі керек. Ақылды қыздан ақымақтығымды бетке басады деп қорықпаңыздар, оны аяласаңыз, ол ешқашан ер жігіттің меселін түсірмейді, ақымақтықпен жасаған кейбір әрекеттерін, тіпті еркектің өзінен де жасырып қояр қулығы жетерлік.

Қазақтың  қыздары бақытты болуға лайық деп ойламайсыздар ма? Биік болыңыздар! Сонда біз де биікке ұмтыламыз. Сіздерден үйренеміз. Бақытты болайық бәріміз!


Өмірдің мәніне түкіргені барларға қатысы жоқ пост.


Ақерке Әбіштегі

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 730    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.10.2019, 10:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31