Сен тұр - мен айтайын!

Алашты аласартпайық, жігіттер!

  • Алашты аласартпайық, жігіттер!

    Алашты аласартпайық, жігіттер!

 Кешіруге болатын көп нәрсе бар...

Сатқындықты да кешіруге болады. Бірақ ұлтыңды масқараласа, дініңе күйе жақса, пайғамбарыңа тіл тигізсе, кешіруге болмайды. Абай хәкім "Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде құдай тағала кеңшілігімен кешеді дағы демесін" дейді. Мұны Құдай да кешпейді.

Алаш қайраткерлерін қалқан қылып қана пайдаланатын, бірақ Алаш аманатына адал болу түгілі, олар айтқан ар (Шәкәрім) ұғымын түйсігінде таразылай алмайтын тәңіршілер деген топ тасада отырып алып, тас ататынды шығарды. "Алашордашылар ислам дініне қарсы болған" (ютубда бар) деген пікірді қайта-қайта қоздатып-ақ жатыр.

Олар (Әлихан, Мағжан, Сұлтанмахмұт т.б) қарсы болса, дінге емес, сол кездегі указной молдаларға, дінбұзар дүмшелерге қарсы болды. Ешбірі дін Исламға қарсы шыққан жоқ. Әлекең өмірінің соңына шейін діннің тазалығы үшін күресті.

Міржақып "Оян, қазақты" жазғанда, қазақтың бүкіл кемдігін көрсете келе, "Дау десе ұмтылатын сорлы қазақ, Дін десе шалқаятын болды қазақ" деуші еді. Жүз жыл өтсе де сол қалпымыз екен ғой. "Дін тазасын ой табар" дейді Шәкәрім. Айналаға "ақыл көзімен" қарасаң, бәрі анық емес пе?

Алашты аласартпайық, жігіттер! Ал желіде желігіп, діни өшпенділік пен араздық тудырған "азаматтар" заң алдында жауап береді...

Жұма қабыл болсын!

facebook.com парақшасынан 

 




Көрілген: 863    Пікірлер: 0

жұма, 08.05.2020, 19:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30