Алдыңғы көліктен озсаң да, бағдаршамнан оза алмайсың.

18 қараша 2021, 16:44

Кептелісте тұрмыз. Соңымнан келе жатқан көлік жүргізушісі сәл машиналар қозғалса, "тез жүр" дегендей бипілдетіп қояды. Бағдаршамда тұрмыз, жасыл жанғанына мили секунд өтпестен, тағы жынданып бипілдетеді. Біраздан кейін екінші қатарға шығып алып, басқа көліктерді басып озып, алдыма тұрып алды. Енді тұрмыз, менен озған түгі жоқ, мен тұрған бағдаршамда ол да тұр. Мен тұрған ұзынсонар кептелісте ол да тұр... Ал мен ішімнен "ал, сауап бопты" деп өзіме ырза боп отырмын. Қаншама жүйке жүйесін тоздырды, қаншама нерв клеткалары өлді, бәрібір ешкімнен озып кетпеді. "Ее, сабыр!" деп жайлы музыка тыңдап отырған сол. 
Мораль: Алдыңғы көліктен озсаң да, бағдаршамнан оза алмайсың.

facebook.com парақшасынан